Жаңалықтар
Мұз айдыны ашылды
Аудан
Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіде «Extreme» қысқы демалыс орталығы ашылды. Демалыс алаңында мұз айдыны және сырғанақ тебу орны бар.
— Ауыл тұрғындарының, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында осы демалыс орнын аштық. Жобаның құны — 2 миллион теңге, — дейді кәсіпкер Сейітзада Саламатов.
Ол кәсібін шағын ғимаратты жалға алып, мұз айдынын құйып, сырғанақ тебуге арналған биік сатыны жасаудан бастапты. Содан соң 50-ге жуық коньки мен 40 сырғанақ балондарын сатып алған.
Қазірде Қарауылкелдідегі «Extreme» қысқы демалыс орнына келушілер көп. Мұнда күн сайын 100-150 адам келіп, демалады екен.
Аудан орталығында мұз айдынының ашылғанына тұрғындар да риза.
Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.